Ақтөбедегі «Шағала» шипажайының бас дәрігері қатаң сөгіс алды
10 жастағы баланы ұрып-соғу оқиғасынан кейін мұнда арнайы құрылған комиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп, біраз былықтың бетін ашқан. Оның қорытындысы бойынша, санаторийдің 7 қызметкеріне қатысты шара қолданылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз күн бұрын әлеуметтік желіде шипажай қызметкерінің емделушіге қол көтергені туралы бейнежазба тарады. Кейін анықталғандай ата-анасы жоқ бала отбасы үлгісіндегі үйде тәрбиеленген. Енді мекемедегі тәртіп пен емдеу ісін бақылау үшін бейнекамералар да қойылатын болды.
Светлана Есенаманова, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- «Шағалада» 24 видеокамера бар. Оның 16-сы үлкен мекеменің дәліздерінде және далада тұр. Бүгінгі күні жергілікті бюджеттен 10 камераға ақша бөлінді. Ол ақшаға ойнау және оқу бөлмелеріне орналастырылады.