Елордада «Батырлар» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті
Туынды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы, сондай-ақ «Хабар» Агенттігінің қолдауымен түсірілген. Елордада кинокартинаның алдын ала көрсетілімі өтті. Тарихи драмада көшпенділер өмірі жоңғар шапқыншылығындағы қазақ батырларының ерліктері баяндалады. Сол кезеңнің бейнесін барынша айшықтау үшін соғыс көріністеріне 70 каскадер тартылыпты. Кино үшін тіпті Мәскеуден жолбарыс алдыртқан. Фильмнің режиссері – Асқар Ұзабаев. Түсірілім негізінен Қазақстанның оңтүстік өңірінде өткен.
Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Фильмде біздің тарихымызда болған, халықтың санасында жүрген батырлардың есімдері жаңғырды. Бұл туындыдан «Біз кімбіз? Қайдан шықтық? Біз кімнің ұрпағымыз?» деген түрлі сұраққа жауап аламыз.