Қызылордадағы тігін фабрикасы медициналық маска шығара бастады
«Бұл істі дәріханалардағы бетперделердің тапшылығына байланысты қолға алып отырмыз», – дейді кәсіпорын басшылығы. Фабрикада 50 адам жұмыс істейді. Олар тәулігіне 10 мың данаға дейін қорғаныс маскасын шығаруда. Бүгінде бұл тауар түріне Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларынан сұраныс түсіп, 20 мың данасы сатылған. Масканың бағасына доллар бағамына байланысты шикізаттың қымбаттауы да әсер еткен. Тігін фабрикасы директорының орынбасары: «Бір дана масканың көтерме бағасы 60-80 теңге шамасында», – дейді.
Ерлан Бекенов, тігін фабрикасы директорының орынбасары:
- Оған 8 қабаттап медициналық дәке пайдаланып жатырмыз. Дәкені медициналық мекемелерден тапсырыс арқылы алып отырмыз. Талапқа сәйкес өзінің арнайы сертификаттары өткен және сол медицина саласының үлгісі арқылы жасаудамыз.