4,5 мың қазақстандық шетелде саяхаттап жүр
Елде қалыптасқан жағдайға байланысты енді оларды қайтару шаралары қолға алынады. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Өркен Бисақаев мәлімдеді. Туристерді елге қайтарумен 2 отандық әуе компаниясы айналысады. Қазір осы шаруаның техникалық және қаржылық мәселелері талқыланып жатыр. Төтенше жағдай кезеңінде қолға алынған шаралардан отандық тур компаниялар шаш-етектен шығынға батады.
Өркен Бисақаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
- Бүгінгі таңда туристік саланың жағдайы оңай емес. Туроператорлар шетелге шығуға шектеу қойылуына байланысты шығынға батуда. Біздің есеп бойынша төтенше жағдай кезінде жалпы сомасы 2,7 млрд теңгені құрайтын 5526 адам сапардан бас тартуы тиіс.