Еңбек уақыты қысқарған жағдайда жалақы еңбек уақытына ғана беріледі
Бастысы еңбек заңдылығы сақталуы тиіс. Әуелі қашықтықтан жұмыс істеу әдісіне көшу ұсынылады. Ондай жағдайда жұмысшының айлық жалақысы толық төленеді. Жұмыс көлемі шектеліп, еңбек уақыты қысқарса, жалақы еңбек уақытына ғана беріледі. Жұмысты толық тоқтатуға мәжбүр болған жағдайда қызметкерлерге ең төменгі жалақы мөлшерінен, яғни 45500 теңгеден кем емес айлық берілуі тиіс. Ал үйде бала күтімімен отыруға мәжбүр ата-аналарға ақысы төленетін еңбек демалысын кестеден тыс беру ұсынылмақ.
Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Бұл тәртіп қалай іске асады? Бізде Еңбек кодексі бойынша кез келген қызметкердің жылына бір рет ақылы еңбек демалысына шығуға мүмкіндігі бар. Жұмыста кесте жасалады. Сол демалыс кестеден тыс берілуі мүмкін.