Ақтөбеде қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Барлығының да денсаулығы жақсы. Дегенмен бекітілген мерзімге дейін дәрігерлердің бақылауында болады. «Вирус жұқтырған әйелдің де жағдайы тұрақты», – дейді мамандар.
Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:
- Бүгінде Ақтөбенің медициналық мекемелерінде 65 адам жатыр. Және үй жағдайында бақылауға алынған 68 азамат бар. Олардың барлығы дәрігерлер мен санитар мамандардың бақылауында. Әзірге өміріне қауіп төніп тұрған дертті жан тіркелмеген. Жалпылай алғанда коронавирус инфекциясының қауіптілігі және оның алдын-алу туралы үгіт-насихат жұмыстары жиі жүргізілуде. Көшелерде көліктердің азайғаны байқалады және маска таққан жаяу жүргіншілер қатары өсіп келеді.
Тағы бір айта кететін жайт, енді Ақтөбе әуежайына жеткен әрбір жолаушыдан қан сынамасы бірден әуе айлағында алынатын болады. Себебі бұған дейін тіркелген дертті азаматта қауіпті індеттің белгілерін тек зертханалық жолмен анықтауға мүмкін болған.