31 наурыздан бастап Қызылорда облысында шектеулер енгізіледі
- Категория: Қоғам

Фото: knews.kg
Қазіргі күні Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 5 адам.
Осыған байланысты 31 наурыз сағат 00:00-ден бастап Қызылорда облысында шектеулер енгізіледі, деп хабарлады Жедел штаб. Шектеу кезінде облыс аумағына автокөліктердің кіріп шығуына тыйым салынады. Ал 1 сәуірден бастап теміржол көлігінің қозғалысына шектеу қойылады.