Еділ мен Жайық арасында 350 мыңға тарта бөкен бар
Мекендейтін жеріне байланысты олар Бетпақдала, Үстірт және Орал деп аталады. Күні бүгін саны жөнінен ең көбі – соңғысы. Бейресми деректер бойынша, Еділ мен Жайық арасында 350 мыңға тарта бөкен бар. Сайын даланың сәні саналатын желден жүйрік жануарлар дәл қазір төлдеп жатыр. Бұл кезде киіктің текелері бөлек кетіп, ешкілері бір жерге жиналады. Биыл жануарлар, Жәнібек ауданындағы Жақсыбай, Борсы және Казталов ауданындағы Қараоба ауылдарының аумағын таңдапты. «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» мен орман және аңшылық инспекциясының мамандары киіктердің тыныштығын күшейтілген режимде күзетуде.
Талғат Қошанов, «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» РМКК Орал филиалының бас маманы:
-Жәнібек ауданында, сосын Казталов ауданында бүгінгі күні 40-45% төлдеді. Биыл карантинге байланысты санақ өткен жоқ. Былтырғы санақ бойынша 217 мың болған. Қазір қанша екенін нақты білмейміз.