Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы туралы айтты
«Осы күндері БАҚ тарапынан Елбасының денсаулығына қатысты көптеген сауал келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезінеді және дәрігерлердің айтқан кеңесін ұстанып, оқшаулану режимін сақтауда», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.
Сондай-ақ ол Елбасының Мәскеуде өткен Жеңіс парадының тікелей көрсетілімін тамашалағанын айтып өтті.