Хабар телеарнасы

Қазіргі таңда елдегі жағдай инфекцияның үйде таралуы деңгейіне өтті

Қазіргі таңда елдегі жағдай инфекцияның үйде таралуы деңгейіне өтті

Өкінішке қарай, әрбір отбасы осы вируспен бетпе-бет келді деп айтуға болады.

COVID-19 инфекциясының таралуы күн сайын артып келеді. 30 маусымдағы есеп бойынша елімізде 40 мыңдай адам вирус жұқтырған.

Соңғы кездері медициналық орталықтар үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Медицина қызметкерлері де науқастармен үнемі байланыста болғандықтан, өздері де ауырып қалып жатыр. Бұл кадр тапшылығына әкеліп соғуда. Бірақ қажетті құралдар жеткілікті. Соның негізінде жұмыс істеліп жатыр.