Людмила Бюрабекова: Вирустық инфекция белгілері болса, антибиотиктерді қолданбау керек
«Вирустық инфекцияны емдеу үшін бактерияға қарсы препараттар қолданылмайтынын еске саламын. Бекітілген емдеу хаттамасында бактерияға қарсы терапия пневмонияны тудыратын бактериялық инфекцияның қосылуына байланысты стационарларда жатқан науқастарға ғана қолданылады», - деді Л.Бюрабекова ОКҚ-да өткен брифингте.