Екі апталық карантин бойынша тексерістер жүргізіледі
Нәтиже бермеген жағдайда шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылданады.
Бүгін күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе – медициналық мекемелердің КВИ-мен ауырғандарды емдеуге арналған жатын орын санын арттыру.
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай шілде айының соңына дейін инфекциялық, провизорлық орын саны 50% өсіп, 28 мыңнан 42 мыңға дейін жеткізілетін болады.
Тамыз айына дейін ПТР тесттермен қамту тәулігіне 30 мыңнан 39 мыңға жеткізілетін болады.
Барлық медицина мекемелеріне техникалық қажеттіліктер алынды және алынып жатыр. Бұл бағытта жұмыс тоқтаған емес және тоқтамайды да.