Жыл басынан бері 17 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды
Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындауға міндетті 315 ұйғарым беріліп, 41,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі. Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 17 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды. Оларға 1,78 млрд теңге төленді.
Жалпы биылғы қаңтар-маусым айларында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,9 мың тексеру жүргізіп, 3 мың ҚР Еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықтады және 91,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.