Елордада карантин талаптарын бұзу деректері азаймай тұр
Аталған нысандардың жұмыс уақыты кешкі 21.00-ге дейін шегерілгені белгілі. Осыны біле тұра, мекеме қызметкерлері есікті ішінен іліп алып, келушілерді қабылдап жатыр екен. Мәселен, кеше түнде Алматы ауданы әкімдігінің мамандары қонақүй ішіндегі моншаның жұмыс істеп жатқанын әшкереледі. Нысан қызметкері: «Тек бір бөлмеде ғана адам бар», – деп сендіруге тырысып еді, олай болмады. Тәртіп сақшысы әр есікті қағып, келушілерге ескерту жасап шықты. Енді бұл іске қатысты мекеме әкімшілігінің атына хаттама толтырылады.
Гүлмарал Әмірова, Алматы ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы:
– Мекеменің әкімшілігіне 425-статья бойынша карантин шараларын бұзу жайында 4-ші статьяның 1-тармағымен әкімшілік-құқық бұзушылық ретінде хаттама толтырылады. Тексеруге шығып, объектіге кіріп жатырмыз. Ең бірінші карантин шараларын қайта-қайта бұзатын объектілердің қатарына монша, сауна, караоке жатады.