Қасым-Жомарт Тоқаев министрге науқас баланың еміне көмек көрсетуді тапсырды
Бұл жайында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің Facebook әлеуметтік парақшасында жазды. «Мемлекет басшысы Ансардың анасының БАҚ-тан көмек сұрап жазған жазбасына жеке назар аударды. Мен баланың анасы Әселмен телефон арқылы сөйлестім, одан әрі емдеудің жолдарын талқыладық» делінген жазбада. Дюшеннің бұлшық ет дистрофиясына шалдыққан Аңсар Нұржановтың анасы бұған дейін әлеуметтік желі арқылы атақты футболист Роналдудан көмек сұраған.