«Хабар» Агенттігінің журналисі «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды
«Үздік тележүргізуші» номинациясы бойынша жеңімпаздар қатарында «Хабар» телеарнасының жүргізушісі, Журналисттік зерттеу бөлімінің бас редакторы, дарынды журналист Дмитрий Олейников те бар. «Халық сүйіктісі» жүлдесі биыл 10-шы рет беріліп отыр.
Дмитрий Олейников, «Хабар» телеарнасының жүргізушісі:
– Бұл тек қана менің жеңісім емес, бұл – біздің үлкен ұжым, менің әріптестерімнің «Хабар» Агенттігінің жеңісі.