Хабар телеарнасы

Елордалықтар Жаңа жылды қайда және қалай қарсы алмақ?

Әлемді індет жайлаған 2020 тынымсыз Тышқан жылы бүгін тарих қойнауына кетеді. Босағамыздан салмақты Сиыр жылы аттағалы тұр. Жылды асыға күткен жұртқа айтарымыз, елімізде бүгін мейрамханалар кешкі 10:00-ға дейін, ал кейбір шағын дәмханалар 00:00-ге дейін жұмыс істейді.

Елордада жаңажылдық кештер ұйымдастыруға тыйым салынған. Мобильдік топтар санитарлық нормалар сақталуы үшін арнайы рейдтерге шығады. Қалай дегенмен, пандемия жағдайында мерекені көпшілік отбасымен қарсы алуға бел буған.

БЛИЦ:

– Ең бастысы, тыныштық, денсаулық, сосын әр отбасында жақсылық болсын.

– Коронавирус жоғалса екен дейміз, өлім-жітім болмаса екен дейміз. Еліміз аман, жұртымыз болса екен дейміз.

– Отандастарым, бауырларым, мен сіздерге коронаавирус жұқпасын деп тілеймін, Жаңа жыл құтты болсын.