Қызылорда облысында үш вокзал жаңғыртылды

  • 74
  • 20.07.2026, 19:55

Қазір Қазалы, Шиелі және Жаңақорғандағы стансалар тәулігіне мыңдаған жолаушыға қызмет көрсетіп жатыр. Құрылыс кезінде ғимараттардың тарихи келбеті сақталып, инженерлік желілері толық ауыстырылған. Күту залдары мен билет кассалары заманауи үлгіде жабдықталды. Мүгедектігі бар жандарға барлық жағдай жасалған. Қазір үш нысан да қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Стансалар арқылы күн сайын Астана, Алматы, Ақтөбе және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанға пойыздар қатынайды.

Кенжегүл Бақтыбаева, Жаңақорған ауданының тұрғыны:

-Қазіргі вокзалды көрсек, керемет, таңғалып, Құдай қаласа, жастарға деген барлық жағдай жасаған ғой. Вокзал бұл ауданның айнасы, қақпасы. Вокзалға келген адам осы ауданның қандай екенін, осы вокзалдан көреді. Сондықтан ең бірінші вокзалымыз жақсы, керемет болса, ауданымыз да тамаша болады.

Құттықыз Ықанова, Шиелі ауданының тұрғыны:

-Қазіргі таңда осы Қазақстанда қаншама теміржол вокзалдары күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Енді бұл осындай халыққа жағдай жасалуы, мен ойлаймын, біріншіден халықтың қауіпсіздігі, екіншіден жайлы, адамға барлығы жайлы.