Хабар телеарнасы

Елімізде бірнеше трасса жабылып, жолға шықпауға кеңес берілді

Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Сондай-ақ елорда мен Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді. Қазгидромет мамандары алдағы күні елдің барлық өңірінде күн райының қолайсыз болатынын хабарлады. Кей облыста қар жауып, көктайғақ болуы және жел күшеюі мүмкін. Сондықтан мамандар тұрғындарға алыс жолға шықпауға және дауылды ескертулер туралы хабарландыруларға құлақ асуға кеңес береді.