Іле ауданындағы кәсіпорынның еңбеккерлері 100% вакциналанған
Сұлтанбек Молжігітов темір кесетін лазерлік құрылғыны басқарып, түрлі кескінді шығарады. Зауыттағы ең жас маманның жұмысқа орналасқанына бір жыл болды. Ол еңбеккерлер арасында алғашқылардың бірі болып вакцина алған.
Сұлтанбек Молжігітов, оператор:
- Көп адаммен қарым-қатынаста болғандықтан, әркімнің денсаулығы маңызды санағандықтан және өзімді және өзгені сақтау үшін екпе салдырдым.
Данияр Әбілов, жұмысшы:
- Вакцина алмаған кезде біреу түшкірсе, сескенетінбіз. Ал қазір қорықпай жүре береміз. Бізде зауытта қызметкерлердің 100% вакцина алды.
Өндіріс орнында жүз адам еңбек етеді. Олар жылына 2,5 млрд теңгенің өнімін өндіріп отыр. Желдеткіш құрылғылары Азия және Еуропа мемлекеттеріне экспортталады. Шетелмен тығыз қарым қатынастағы кәсіпорын басшысылары алдымен өздері вакцина салдырған. Артынша жұмысшылар да вирусқа қарсы препарат алды. Ұжымдық имунитет қалыптастырудың нәтижесінде мекеме тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.
Нұрғали Қанатұлы, зауыт директоры;
- Былтыр осындай кезде күніне екі-үш адам жұмысқа кіре алмайтын. Өйткені қызуын өлшеп, жоғары болса үйіне қайтарып жіберетінбіз. Қазір жұмыскерлеріміз жұмыс орнында.
Іле ауданы – Алматы облысындағы өндірісі дамыған аймақтардың бірі. Мұнда 11 мыңнан астам ірі, шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді.
Жанат Мелісұлы, Іле аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
- Ауданымызда 6 жүйе құраушы, 18 орта кәсіпорын бар. Ең ірі 61 кәсіпорынның 51% екпе алды. Орта, шағын кәсіпорындардың ішінен проценттік мөлшерде 50% екпе салдырды.
Кәсіпкерлік салада жұмыс істейтіндерге вакцина салдыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Жыл соңына дейін вирусқа төзімді иммунитет қалыптастырған еңбек ұжымдарының санын ауданда 100% жеткізу жоспарланып отыр.
Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев