Ақмола облысының құс фабрикасында тауықтар жаппай қырылып жатыр
Құстың жаппай қырылуы бір айдан бері жалғасып келеді екен. Кәсіпорын енді өндірісті үш айға тоқтатты. Себебі жем жоқ әрі жұмыртқа нарықта өтпей тұр. Қалған құсты сатылымға шығару жоспарланып отыр.
Ағыбай Сыздықов, облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
- Алдын ала мәлімет бойынша құстар күтімнің жеткіліксіз болуынан қырылған . Бүгінде ауданның ветеринарлық қызметі кәсіпорынға сараптама жүргізді, нақты себебін анықтау үшін ол арнайы зертханаға жіберілді.