«Tele2 Қазақстан» компаниясы шалғай ауылдардағы ұялы байланыс қызметін сынақтан өткізуде
Осылайша, Қостанай облысының «Алтын дала» ауылы мен Ақмола облысының «Бірсуат» елді мекенінің тұрғындары жоғары жылдамдықтағы интернетті белсенді қолдануда.
Қостанай облысының «Алтын дала» ауылы мен Ақмола облысының «Бірсуат» елді мекенінің тұрғындары үшін ғаламтор мен байланысқа арналған бағанның орнатылуы ерекше жағдай болды. Заманауи байланыс қызметі арқылы ауыл тұрғындары әкіммен бірге мессенджерде ауылдың дамуын талқылап, өз ой-пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Мектеп оқушылары ғаламтордан қосымша мәліметтер оқып, ата-аналар тіпті балалары үшін басқа қалалардан тәрбиеші жалдауда.
«Tele2 Қазақстан» ұялы байланыс операторының бас директоры Сергей Коньков ауылдағы интернет желісін тексеруден бөлек, өзінің қазақша сөздік қорын толықтыруға тырысуда. «Ауыл тұрғындарының ортасында жүріп, тіл үйренген тиімді», – дейді ол.
Сергей Коньков, «Tele2 Қазақстан» компаниясының бас директоры:
- Телефоннан HD сапада бейне ролик көру үшін секундына 5-7 мегабит жылдамдық болса, жеткілікті. Біз ауыл тұрғындары үшін арнайы тариф енгіздік. Оған қоңырау шалу, үлкен көлемдегі интернет қызметі кіреді. Сондай-ақ eGov.kz мемлекеттік қызметтеріне, оқыту және бейнеконференцияларға қолжетімділік қарастырылған. Мұндай тарифтың бағасы – 990 теңге.
«Tele2 Қазақстан» компаниясының базалық стансалары еліміздің барлық шалғай елді мекендеріне орнатылды. Енді компания өкілдері ел аймақтарына барып, ұялы байланыс және интернет желісінің сапасын бақыламақ.
Авторы: Гүлжан Көленқызы