16:00Эфирде: Телесериал «Балканский рубеж»
18:00Әрі қарай: «Механик» кино
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Шымкенттегі қауіпсіздік. LIVE

  • Категория: Қоғам

Екі күннен бері Шымкент қаласының жұртшылығы қалыпты өмір ырғағына қайта түсті.

Елдің тыныштығы сақталып, кәсіпкерлер сауда кешендері мен азық-түлік базарларын ашып жатыр. Сондай-ақ жұртты дүрліктіргендердің алды ұсталып тергелуде. Интернет беріліп, кейбір банктердің мобильді қосымшалары жұмыс істеп тұр. Ел ішінде еріктілерден белсенді топ құрылып, жұртты сабырға шақыруда. Құрамында айтыскер ақындар, белгілі спортшылар, ерікті жастар бар. Сондай-ақ қаланың шығаберіс қақпалары мен әкімдік ғимаратының маңына блокбекеттер қойылған. Коммендаттық сағат кезінде шаһарға кіріп шығу шектелді. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бүкіл гарнизон күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылғанын айтты. Яғни қауіпсіздік мақсатында барлық өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараттары күшейтілген.