Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласы және 12 облыста лаңкестік қауіптің «қызыл» деңгейі алынды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті осындай мәлімет таратты. Қазір еліміздің 14 өңірінде жағдай тұрақты. Бірақ бұнымен іс біткен жоқ. Алматы қаласы мен Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмысқа барған адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасады. Сәйкесінше, аталған аймақтарда қауіптің «шекті қызыл» деңгейі әлі сақталады. Еске салайық, кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды алып тастау туралы Жарлыққа қол қойды.