Референдумға 400 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан қатыса алады
Орталық сайлау комиссиясының алаңында қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті. Онда дауыс беруге арналған учаскелердің мүгедек жандарға қолжетімділігі мәселесі талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматы кедергісіз дауыс беруі үшін қандай жағдай жасалуы керек екені айтылды.
Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Кейбір мүгедектігі бар адамдар жексенбі күні оларды арнайы такси алып жүрсе деген өтініш қалдырды. Бірақ мұны ұйымдастыру барлық ауданда мүмкін емес екенін білеміз. Бірақ референдум жексенбі күнге жоспарланып отырған соң, жағдай жасалу керек деп санаймын.