Хабар телеарнасы

15 шілде Kaspi Жұма басталады

Бұл күндері халық қалаған тауарларын екі жылға бөліп төлеу арқылы сатып ала алады.

Kaspi.kz интернет-дүкенінде және бүкіл ел аумағындағы дүкендерде жиһаз, үйге арналған тауарлар, электроника, зергерлік бұйымдар, автотауарлар, құрылыс материалдарын 24 айға бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Денсаулыққа арналған заттар, киім, балалар тауарлары мен өзіңізге қажет басқа да дүниелерді ала аласыз.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы:

- Біздің сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміз бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі – Kaspi Жұманы көптен бері күтті. Биылғы Kaspi Жұма өте ауқымды болады. Kaspi.kz интернет дүкенінде тегін жеткізу қызметімен бірге 2 миллионнан астам тауар ұсынылған. Мерекеге бүкіл ел аумағындағы 70 мыңнан астам үздік дүкен қатысады. Біздің әрбір сүйікті клиентімізге затты тиімді сатып алуын және серіктестерімізге сауда көлемінің өсуін тілейміз. 

Жанат Маликова, сатып алушы: 

- Мен осы дүкеннің тұрақты клиентімін. Бұл дүкен өте қатты ұнайды. Бұйырса диванды Kaspi Жұмамен аламын деп шештім.

Kaspi Жұма – тек сатып алушылар ғана емес, Kaspi.kz серіктестерінің де мерекесі. Kaspi Жұма кезінде сатылым көлемі бірнеше есе өседі.

Ләйлім Рахымберлина, «Zeta» компаниясының қызметкері:

- «Zeta» дүкендерінде өтетін Kaspi Жұманы асыға күтудеміз. Біздің сатып алушылар да осы науқанды өте жақсы көреді. Өзіміздің отандық өндірістің жиһаздары және импорттық мыңдаған тауарды өте тиімді бағада сатып алуға болады.  Біз сіздерді «Zeta» дүкендерінде күтеміз.

Kaspi Жұма кезінде Kaspi.kz интернет-дүкенінде затты тегін жеткізу қызметімен бірге сатып алуға болады.

Сонымен қатар Kaspi.kz қазақстандықтар үшін Kaspi Postomat жеткізу қызметін іске қосты. Енді курьерді күтудің керегі жоқ. Жақын постоматқа дейін тапсырыс беріп, ыңғайлы уақытта алып кетуге болады. Бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі 15, 16, 17 шілде күндері өтеді. Тәжірибелі шопингқұмарлар қажеттінің бәрін алып үлгеру үшін заттардың тізімін алдын ала жасап қоюға кеңес береді.

Авторы: Аршын Кемелжан