Хабар телеарнасы

Қараторғайлар қайда кетті?

Ал биологтардың болжамы бойынша бұл құстардың азаюуының басты себебі бәсекелестікке байланысты екен. Яғни қазір Алматыда Майна аталатын немесе ауғандық торғайлар қаптап кеткен.

«Көктемнің жаршысы саналатын қараторғай, қар еріп күннің көзі жыли бастағанда-ақ қала аспанында қалықтап жүретін. Ала жаздай табиғаттың сәнін кіргізіп тұратын осы құстардың кенеттен азайып кетуі бекер емес екен. Қазір олардың орнын ауғандық торғайлар басқан. Бұл құстардың жейтін тағамдары және қонақтайтын орындары бір болған соң бәсекелестік болады. Ал Майнаңыз кәдімгі торғайларға қарағанда үлкендеу. Сондықтан оларды ығыстырып тастауы мүмкін», — дейді мамандар.

Сергей Скляренко, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылым жөніндегі директоры:
-Қараторғайлар мен майналардың ұқсастығы өте көп. Бірақ ауғандық торғайлар күштірек келеді. Сондықтан құстар тамаққа таласқан кезде, әрине, күші көптер басым түсіп жатады. Осы бәсекелестікке шыдамаған қараторғай мен қарлығаш секілді өзге құстар басқа жаққа ұшып кетуі мүмкін.

«Құстардың азайып кетуінің тағы бір себебі ауылшаруашылық жерлерінде қазір химиялық дәрі-дәрмектер көп қолданылады. Оның да әсері болуы ықтимал», — дейді мамандар. Ал кейбір табиғат жанашырларының пікірінше құстарға бұрынғыдай күтім жоқ. Яғни ерте көктемнен оларға арнайы ұя салып, күтіп-баптау шаралары мүлде жүргізілмейді.

Тұңғыш Жапарқұлов, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкері:
-Кәдімгі қараторғай мен үй ауыл қарлығаштары дейміз, қалпына келтіру үшін белгілі бір деңгейде шара қолдану керек. Мысалы, құс ұяларын көбірек орналастыру керек. Сол жерде өсетін өсімдіктерге көңіл бөлу керек. Химиялық дәрілерді азайтып, мүмкін биологиялық препарататтарын көбірек қолдануды қарастыру керек. Сонымен жыртқыш құстар: сауысқан, сары жағалы қараторғайдың шектен тыс көбеюіне байланысты мүмкін оның санын шектеуге көңіл бөлу керек.

«Ауғандық торғайлардың адамға еш зияны жоқ болуы мүмкін. Бірақ шектен тыс көбейіп кетсе тағы болмайды. Өйткені қала аспанында қалықтап жүретін қараторғайлар немесе қарлығаш секілді өзге де құстар мүлде жоғалып кетуі ықтимал», — дейді мамандар.


Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Назгүл Бошан, Кенже Амраев