Конституция күніне орай Анкарада мерекелік шара өтті
Қорғаныс министрлігіне қарасты «Сарбаздар» этно-фольклорлық ансамблінің «Үрлемелі аспаптар оркестрі» музыкалық шығармашылығын паш етті. Түріктің ірі компанияларының өкілдері елімізде инвестициялық мүмкіндіктер мол екендігін де тілге тиек етті.
Хусейн Бағджы, сыртқы саясат институты директоры:
-Қазақстандағы Ата заң күнінің маңызы ерекше. Конституция - еліңізді халықаралық деңгейде заң тұрғысынан қорғайтын сенімді және әлеммен лайықты түрде қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін ең басты құжат. Бұған дейін бірқатар өзгеріс енгізілгенін көріп отырмыз. Қазіргі Ата заң Қазақстанға деген сенімді нығайтты. Ең маңыздысы да осы. Қазақ елін Конституция күнімен құттықтаймын.