Ақтөбе облысында битум тапшылығы шешімін табады
Өңір басшылығы Шымкенттегі битум зауытымен келісімге отырған. Кәсіпорын аймақтың сұранысын толық қамтамасыз етпек. Нәтижесінде мердігерлер қолға алған жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтайтын болады. Қазіргі күні облыстың жол құрылысы саласында 203 жобаны жүзеге асыру көзделген.
Рүстем Төреғалиев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
-Облысқа құрылыс маусымының соңына дейінгі қажеттілік битумның 21 мың тоннасын құрайды. Енді қазіргі таңда «Caspi Bitum» мекемесінен 3 мың тоннадай бөлінген. Одан бөлек, қосымша Шымкент қаласындағы «Qazaq Bitum» зауытынан 10 мың тоннадай битум бөлінді.