Ақтөбенің Елек өзеніндегі көпірдің сапасы сын көтермейді
Көпір құрылысына бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлінген. Мердігер тың технологиямен сапалы асфальт төсеуге уәде берген. Алайда шенеуніктер бұл талап орындалмады деп отыр. Енді ертеңнен бастап өткел жабылып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал күрделі жөндеу жұмыстары келер жылға жоспарланған.
Қалдыбек Жұмабаев, қала тұрғыны:
-Мына жерде освещение сөніп қалады да авария көп болады. Мына көпір келмейді негізі қолданысқа. Амал жоқ қысқа жол балған соң жүреміз.
Айбек Қайыр, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы:
-Жөндеу жұмыстары кепілдік мерзіміне сай мердігер есебінен жүргізіледі. Келер жылы күн жылығаннан кейін, маусым айында кірісеміз деп жоспарлап отырмыз. Шамамен бір ай ішінде аяқталуы тиіс.