Бас прокуратура: Жалған ақпарат таратқандар жазаланады
Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте түрлі тақырыпта жалған ақпар тарату жағдайлары жиілеген. Үндеуде нақты азаматтардың ар-намысына нұқсан келтіретін, сондай-ақ бірқатар танымал адамдарды ұстау және қылмыстық жауапқа тарту туралы жалған ақпарат жарияланғаны жазылған. Мұндай мәліметтер қоғамдық тәртіпке кері әсер етуі мүмкін. Жалған хабарлама таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас Прокурорының орынбасары:
-Шынайлыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуды көбіне блогерлер қасақана, өздерінің және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін жүзеге асырады. Олардың мақсаты – жеке пайда табу және бопсалау арқылы материалдық табыс көру. Көрсетілген ұлттық алауыздықты қоздыруға, қорқытып алуға, жалған ақпарат таратуға бағытталған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.