Хабар телеарнасы

СҚО-да егін орағы аяқталды

Әр гектардан алынған өнім орта есеппен 15 центнер. Жиналған бидайдың бір бөлігі Иран, Ауғанстан, Өзбекстан сынды елдерге экспортталады. Көктемде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 4 миллион 400 мың гектар алқапқа дән сепкен. Оның 3 млн бидай, қалғаны майлы дақылдар. Жалпы биыл аймақта астық бітік шықты. Былтыр қуаңшылықтың салдарынан өңір шаруалары небәрі 3,7 млн тонна астық жинаған.

Мейрам Меңдібаев, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
-Астықтың сапасы, қазір элеваторларға тапсырылып жатыр. 1,3 млн тоннасы енгізілді. Соның 81% 3-класстың сапасы. Кликовинаның да, барлығының сапасы жоғары. Қазір ауа-райы жақсы болып тұр. Бұйырса жақын күндері майлы дақылдардың да тазалығы аяқталады.