Оралда 40 жыл бұрын салынған бес қабатты үйдің қабырғасы қаңырап тұр
Жуырда дəл іргеден басталған құрылыстан ескі баспананың қабырғалары одан сайын жарыла бастаған. Тұрғындар: «Тозығы жеткен үй бұзылуы тиіс»,– дейді.
Айта кету керек, қазір қалада осындай 52 көпқабатты үй апатты деп танылды.
Алтынбек Аманов, қала тұрғыны:
- Мына 5 этажда жаңбыр жауғанда үнемі су ағады да тұрады. Соның сүруге кеткенін қалаймыз.
Нұртілеу Шайдығалиев, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:
- Айталиев 17 мекенжайы бойынша ешқандай бөліммен жəне құрылыс салушылармен атқарылып жатқан ешқандай келісімдер мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасы бұл үй бойынша жүргізіліп жатқан жоқ. Тұрғындар бұл бағдарламаға қатысу үшін тұрғындардың 100% келісімі қажет.