Қазақстандық ғалымдар ғарыш ғылымында жаңа жетістікке қол жеткізіп отыр
Барлығы ғарыштық бақылауға байланысты. Модельдердің бірі су ресурстарына арналады. Тіпті объектілердегі су көлемі жайлы да ғарыштан ақпарат таратады. Сонымен қатар өндірістік қалдықтарды және дала өрттерін қадағалайтын модельдер де бар екен. Олар экологиялық мәселелерге қызмет етеді. Айта кетейік, бұдан бөлек бүгінге дейін ғарыш ғылымына байланысты отандық 40 жобаны патенттеуге өтініш түсіпті. Олардың қазір тең жартысы заңдастырылған.
Айдын Айымбетов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:
- Қазіргі таңда бұл ғылымда даму байқалады. Жаңа патенттелген жобалар ғарыштық мониторинг аясында қолданыста. Бұл біздің жас мамандарымыздың жетістігі.