Хабар телеарнасы

СҚО-да соңғы екі жылда ауылды жерлердегі 14 мектеп жабылды

Тіпті кейбірінде бала саны үшке де жетпей қалған. Сондықтан білім басқармасы мамандарының шешімімен мектеп есіктеріне құлып салынған. Жалпы қазір өңірде 465 мектеп жұмыс істейді. Оның 75% шағын құрамды мектеп. Сондай-ақ 306 ауылдан 2700 астам оқушы көрші елді мекендерге қатынап оқуға мәжбүр. Қазір өңірде екі жаңа білім ошағының құрылысы жүріп жатыр. 

Нәзір Жәшібеков, облыстық білім басқармасының басшысы:
- Бұл мектептерде балалардың саны нормативке сәйкес келмеді. Сол себептен осы мектептер жабылып қалды. Жабылған мектептерде бүкіл балаларды тасымалдау ұйымдастырылды. Интернатта тұратын балаларды бес рет тамақтандырамыз. Былтыр жеті мектеп жабылды. Содан кейін жеті мектеп реорганизация болып кетті ғой.