Жүрегі ауыратын науқастарға ерекше стент қойылды
Операцияны кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері Австрияның жетекші маманы, интервенциялық кардиолог Аурель Томаның жетекшілігімен жасады. Ұзақтығы 5-6 сағатқа дейін созылатын операцияның артықшылығы зор. Жүрек-қан тамырына қатысты күрделі паталогияны емдейді. Науқас тез сауығады, 4-5 күнде үйіне шығады. Енді мұндай әдісті Астана, Семей, Тараз қалаларының кардиологтары да меңгермек.
Аурель Тома, интервенциялық кардиолог:
- Иә, мұндай операцияны жасау үшін мамандардың кәсіби біліктілігі жоғары болуы тиіс. Мұның әдіс-тәсілдерін жақсылап меңгеру үшін әлем бойынша кем дегенде 5 жыл керек шығар деп ойлаймын. Стент коронарлық артерияның қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірнеше операция жасадық, барлығы да сәтті өтті.