Хабар телеарнасы

«Аstana media week - 2022» апталығы жалғасып жатыр

«Хабар» Агенттігі» бұл бағытта көшбасшылар қатарында. Тек биылдың өзінде көрерменге 6 сериал ұсынбақ. Олардың алды эфирге шығып бастады. Ол көпшілкке белгілі «Келінжан 4» туындысы. Одан бөлек «Біз», «Ақ пен қара», «Бозторғай», «Гүлдер жыламайды» және «Мәншүк» сериалдары жақында жарыққа шығады. Жалпы форум аясында медиа саланың трендтері, проблемалық мәселелері мен олардың даму жолдары қарастырылуда.

Берік Уәли, «Хабар агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы:
-«Аstana media week» қазіргі заманғы тележәрменке ғой. Осы жерде өз өнімдерімізді жарнамалаймыз, көрсетеміз, пікір алмасамыз. Қазір телесериал индустриясы дамыды. Статистикаға сүйенсек, соңғы үш жылда телесериалдардың түсірілімі 30% артқан екен.