Биыл шет елден ел тарихына қатысты 7 мыңнан аса құжат пен қолжазба әкелінді
Құжаттық дереккөздердің хронологиялық шеңбері 973-1990 жылдар аралығын қамтиды. Мәдениет министрлігінің мұрындық болуымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда осы маңызды дереккөздерді ғылыми айналымға енгізу мәселесі талқыланды. Шара барысында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған 12 томдық шығармалар жинағының «Отанына оралған құжаттық қазына» кітабының тұсауы кесілді. Айта кетейік, шетелдерден әкелінген құжаттар цифрландырылады. Сонымен бірге арнайы база жасақталмақ. Сол арқылы ғалымдар оны қашықтан оқып, қашықтан зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын болады.
Қуат Бораш, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы:
-Мұның ішінде ең құнды құжаттар – Қазақ хандығы құрылғаннан бұрын 971 жылғы құжаттар. Сонымен бірге бізге карталар алынып келді. Карталар – ол біздің мемлекеттің тұтастығы, қауіпсіздігі, негізгі архивтік құжаттар. Мақсатымыз – осы архивтік құжаттарды халыққа жеткізу, насихаттау арқылы жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру.