Кәрім Мәсімов ісі сотқа жетті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір орынбасары Ерғожинға да осындай айып тағылып отыр. Бас прокуратураның мәліметі бойынша қылмыстық іс «өте құпия» белгісімен тергелген және Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта осы тәртіпте қаралады.