Хаменованың ісі: айыпталушылар соңғы сөзін айтты
Сот үкімі шығады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 10 желтоқсанында айыпталушылар Атырауда Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнату бойынша «Балқыту» компаниясының директоры Өміртай Адамовтан 4,5 млн теңге пара алған деген күдікке ілінді. Алайда олар өз кінәсін мойындамады. Сондай-ақ адвокаттар да тергеу ісі кей жәйттерді ескермегенін айтты.
Нұрлан Жолболов, Рысқалиевтың адвокаты:
- Мен - Рысқалиевтің адвокаты және Вранчев - Хаменованың адвокаты тергеу органдарының сотқа ұсынған деректері заңсыз жолмен табылған деп мәлімдейміз. Сондай-ақ біздің қорғауымыздағы айыпталушылардың әрекеттерінде қылмыстың құрамы жоқ. Барының өзі дәйексіз. Осыған орай соттан олардың ақталуын сұраймыз. Әрине, үкім шығаратын сот, ол өзі біледі. Үкім тек ертең шығады.