Хабар телеарнасы

Алматыда Қонаев туралы жаңа кітап жарыққа шықты

Биыл Дінмұхамед Ахметұлының туғанына 110 жыл толып отыр. Ол кісі туралы зерттелмеген деректер әлі де бар. Кітапқа бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен қолжазбалар, естеліктер кірген. Тиражы 1000 дана. Туынды Қонаевтың экономиканы, ғылым мен мәдениетті ілгерілетуге қосқан үлесін кеңінен ашады. Жинақты құрастырушы филология ғылымдарының кандидаты Диар Қонаев барлық материалдардың хронологиясы сақталғандығын айтады. Атап айтқанда, ол кезең 1812 -1945 жылдар аралығын қамтиды. Яғни Дінмұхамед Ахметұлының одан кейінгі өмір жолы келесі кітапта баяндалады. Әзірге оның қашан шығатыны белгісіз. Десе де, жинақты бірнеше том етіп шығару туралы жоспар бар.

Диар Қонаев, филология ғылымдарының кандидаты:
-Кітап шығару туралы осыдан 4 жыл бұрын ойлана бастадым. Кітап болғанда, Дінмұхамед Ахметұлының туғаннан бастап, өмірден озғанға дейінгі өмірі мен еңбек жолын қамтығым келді. Міне бірінші жинақ көпшікке жол тартты. Онда Балқаш пен Риддерде қалай жұмыс істегені, басшылық қызметке тағайындалуына қатысты және ел экономикасын дамытуға байланысты қызықты мәліметтер бар. Бұған қатысты құжаттар өте көп. Әлі 4 томға жетеді.