БҚО сұйытылған газдан тапшылық көріп отыр
Жанармай бекеттерінде ұзын-сонар көлік кептелісі. Аймақ қорында шамамен 200 тонна сұйық отын қалған. Жергілікті билік келеңсіздікке қарамастан, айлық қажеттілікті жабу мәселесі шешілгенін мәлімдеді. Атап айтқанда, Ақтөбе облысынан қосымша сұйытылған газ сатып алу туралы келісім жасалған.
Миржан Нұртазиев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
-Облысқа 500 тонна көлемінде сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарланып отыр. Бұл сұйытылған газ Ақтөбе мұнай өңдеу зауытынан келеді. Оған дейін «Жайық Мұнай» ЖШС-мен ауызша келісім бойынша күніне қаламыздағы ең ірі газбен қамтамасыз ету мекемелеріне 20 тоннадан бөлініп отыр.