20 мыңға жуық бүлдіршін балабақшасыз қалуы мүмкін
Олардың айтуынша, медициналық кабинеттерді лицензиялауда көптеген кедергілер бар. Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында жеке балабақшалар желтоқсан айында бұйрық талаптары бойынша білім басқармасына есеп бермесе, келесі жылдан бастап 300-ге жуық балабақшаның жабылу қаупі бар екені айтылды. Кәсіп иелері медицина кабинеттерін талапқа сай жабдықтаудан қашпайды. Бірақ вакцина салатын арнайы жәшік орнату талаптары қолбайлау болып отыр. Жиын қорытындысы бойынша тиісті ведомствоға хат жолдау жөнінде шешім қабылданды.
Бейсен Жолболдиев, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры:
-Астана қаласында 50% балалар жеке балабақшаларда білім алып, тәрбие алып келе жатыр. Егер оларды шектейтін болсақ әрқайсысының артында ата-аналары бар. Одан бөлек, кәсіпкерлердің өздерінің банктердің алдында кредиттері бар және қаншама жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр.