Қарағандыда 9 адамды аман алып қалған полицей марапатталды
Ал жаз кезінде суға батып бара жатқан екі әйелдің өміріне тағы да араша түседі. Бұдан өзге 2018 жылы отқа оранған үйдің ішінен 5 баланы аман алып қалады. Медет ішкі істер органдарында 16 жыл жұмыс істеп келе жатқан маман екенін атап өткен жөн. Ол бұл ерліктерінің барлығын жұмыстан тыс уақытта жасаған.
Медет Асқаров, Бұқар жырау аудандық ПБ қызметкері:
-ІІО-да жұмыс істеген соң сол халыққа қызмет жасап, көмек жасап қолдан келгенше дегендей. Өзімді батыр деп санамаймын. Мен әр азамат бір-біріне көмектесу керек деп ойлаймын. Көмектесуге тырысу керек. Халық үшін жұмыс істеу керек.