«AMANAT» партиясы екібастұздық балаларға демалыс ұйымдастырды
Ол үшін Семей, Алматы қалаларының және Түркістан, Павлодар, Ақмола облыстарының шипажайлары дайындалған. Қазіргі таңда балалар өз қызықтарын бастап та үлгерген. Олардың жанында мектеп мұғалімдерімен дәрігерлер де бар. Оқушылар демалысы бір аптаға созылады.
Илья Теренченко, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы:
- Ең негізгісі – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жоғары көңіл күйде демалып, жақсы сезімдермен оралуы. Балалар Қазақстанның басқа да қалаларын аралап, құрбы-құрдастарымен танысып, бір-бірімен қызықты сәттерімен бөліседі. Осылай олар өз отбасыларына да қуаныш сыйлайды.