Қазір тұрғын үйлердің алды шашылып жатыр. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, күннің суығында бір мердігер ұйымның бірден екі техникасы сынып қалған. Жалпы облыс орталығында бұл жұмысқа 4 мердігер ұйым бекітілген. Бір қызығы, жақында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінен «жаңа жылдан кейін далаға шырша лақтырған тұрғындарға айыппұл салынады» деген ескерту жасалған. Ал қоқыс шығармаған ұйымдарға бірде-бір хаттама толтырылмаған.
Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:
-Бізде қоқыс шығарудың тарифы қала бойынша 6 жылдан бері көтерілген жоқ. Кесірінен жаңағы компаниялар техниканы жаңартуға не болмаса оны жөндеуге мүмкіндіктері болмай отыр. Бүгінгі таңда одан бөлек тұрғындар тарапынан қарызы бар. Жалпы қала бойынша барлық 4 компанияға 20 млннан қарыз.