Алматы қаласындағы ойылған өткел көлік жүргізушілерін алаңдатып отыр
Бұл жер қала мен Алматы облысына қарасты Іле ауданымен шектеседі. Түймебаев, Ащыбұлақ ауылдары мен Боралдай кентінің тұрғындары шаһарға осы жол арқылы қатынайды. Іргелес жатқан елді мекен тұрғындарының біразы Алматыға келіп жұмыс істейтінін ескерсек, ерсілі-қарсылы жүретін көліктердің нөпірі көп-ақ. Жетісу ауданы әкімдігі өкілінің мәліметінше, бұл жол 2021 жылы орташа жөндеуден өтіпті. Алайда көлік ағыны көп болғандықтан жол қайтадан қалпына келе бастапты. Әкімдік қызметкері көп созбай жөндеп береміз деп уәде берді.
Әлішер Әбдіқадіров, Жетісу ауданы әкімдігі көріктендіру бөлімінің бас маманы:
- Көрсетілген шұңқырлар кеше ғана инстаграмға түсті. Біз жақын уақытта уақытша шаралар қолданатын боламыз. Күн жылыған кезде біз шұңқырды жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз.