Дархан Қыдырәлі: Журналистер мәртебесі артады
Бұл туралы Алқа жиынында ведомство басшысы Дархан Қыдырәлі мәлімдеді. Дәстүрлі БАҚ-тың бағыты концептуалды түрде өзгеріп жатыр. «Жаңа медиа» деген түсінік қалыптасты. «Сондықтан медиа заңнаманы қайта қарау жұмыстары жүргізілді», — дейді министр. «Міндеттер мен ұсыныстар пысықталған құжат қаңтар айының соңына дейін қабылдану қажет», — деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов.
Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
-Қазіргі уақытта аса маңызды мәселелердің бірі ол отандық медиа кеңістігіміздегі қауіпсіздік. Елімізге зиян келтіретін жалған ақпараттан халқымызды қорғау мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуы тиіс. Бұл ретте ақпараттық қауіпсіздік доктринасының сапалы пысықталуы еліміздің қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Отандық контенттің сапасын жылдан жылға арттыруымыз керек.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
-Медиа заңнаманы қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Балаларға қатысты кибербуллингті реттеуде түзетулер енгізілді. Онлайн платформалар мен интернет жарнаманың қызметін реттейтін жаңа заң жобасы әзірленуде. Жаңа заң жобасына журналистердің мәртебесін көтеру, мемелкеттік ақапарттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалау, телерадио хабарын тарату трендтерді өзгерту жоспарланған. Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңға түзетулер әзірленді.