Хабар телеарнасы

Сібір еліктері Петропавлда жүр

Соңғы күндері оларды қала көшелерінен үйір-үйірімен көруге болады. Жабайы «қонақтарды» тұрғындар ұялы телефондарына түсіруде. Табиғат жанашырларының айтуынша, бұл көрші Ресей елінен келген сібір еліктері. Биыл ол жақта қалың қар жауып, аяз күшейген. Сондықтан ен даланың еркелері азық таппай біз жаққа бағыт алған. Қазір мамандар қалаға кіріп кеткен жануарларды айдап, табиғи орталарына қосып жатыр. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 20 мыңға жуық елік бар. 

Олег Беспалов, Орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
-Еліктердің жаппай келуі Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекаралас облыстарындағы бос жатқан жерлердің игерілуімен де байланысты. Ал бізде биыл қар аз. Сондықтан тебінге жақсы.