Роза Бағланованың жеке мұражайын ашу — артында қалған ұрпағының арманы
Уақыт өткен сайын құны артқанымен, тозуға бейім бұйымдар ерекше күтімді, кәсіби зерттеуді қажет етеді. Әншінің өзі тұрған пәтерін мұражайға айналдырсақ деген бастама болған. Бірақ әншінің ұрпағы мәдени нысанның көпшілік баратын жерде болғаны дұрыс деп санайды.
Марал Бағланова, Роза Бағланованың келіні:
-Халықтың сұрауы бойынша, өзіміздің арманымыз бойынша, жақсы бір мұражай ашылса деген ойдамыз. Адамдар көп жүретін жерде мәдени жерде. Мен ойлаймын, осындай адамның мұражайы жақсы жерде болуы керек.